BBCKazakh.com
Жаңартылған кезі: 19 Мамыр, 2004 - 15:24 GMT
Досыңа жіберБасып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
Көпұлтты Британия
Лондон қаласындағы ең ірі мешіттердің бірі
Британиядағы алғаш мешіттердің бірі 1860 жылы Кардиф қаласында ашылды
Британдық болу деген нені білдіреді? Газет беттерінде және пікірталас уақытында осы бір сұрақ жиі - жиі көтеріліп жатады. Бірақ бүгінгі күні дәл осы сауал енді Британиядағы саяси күн тәртібінің шыңына да жетті.

"Британдық болу деген нені білдіреді" деген сауалға енді осы елдің небір жоғары дәрежелі саясаткерлері де жауап іздей бастады. Британиядағы Нәсілдер Теңдігі Комиссиясының басшысы Тревор Филипс: "Енді "көп мәдениетті Британия" деген сөзді қою керек, басты мақсат - интеграцияланған қоғам құру", - дейді.

Ондаған жылдар бойы Британия мультимәдениет саясатын жөн көрді, яғни, нәсілдері түрлі келетін халықтардың Британияда жасап, өз мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу құқықтарын құрметтеуге негізделген көп мәдениеттілік саясатын ұстанып келді.

Королеваның "біздің сан алуан мәдениет пен діни ағымдарға бай қоғамымыз" деп айтқаны бар.
Францияда, мәселен, жағдай басқаша. Онда көшіп келген иммигранттар жергілікті француздардың өмір сүру салтына бейімделуі тиіс.
Нәсілдер Теңдігі Комиссиясының басшысы Тревор Филипс мультимәдениет үғымын жұртышылық теріс түсінетін болған деп санайды.

 Демек көптеген адам үшін - мультикультурализм дегеніңіз - мәдениеті түрлі келетін халықтар бірге жасайтын, бірақ өзара еш араласпайтын қоғамды білдіретін болған.
Тревор Филипс

Тревор Филипстің пікірінше, енді басты екпін британдық құндылықтарға жасалып, ортақ бір сана сезім қалыптастыру керек.

- Тарихи фактілерге жүгінсек, біз ортамызға талай қауымдастықтарды сіңіріп отырсақ та, солардың өзіндік сана сезімін, ұлттық ерекшелігін сақтап отыруларына жағдай жасап отырдық.
Қоғамдық жарасым үшін мына бір негізгі принциптермен барлығы да келісу керек. Олар - демократия, заң үстемдігі, теңдік, әйелдер құқықтарына деген құрмет. Айтайын дегенім, осы елдегі халықтың көпшілігі қарапайым принциптерге келгенде көзқарастары бірдей, британшылықтың негізін сол құрайды, - дейді Тревор Филипс.

Үнсіз экстремизм?

Егер де белгілі бір топтар өздерін британдық қоғамнан алшақ сезінетін болса, онда соның салдарынан мұсылман жастарының шағын бір тобы экстремистік көзқарастағы топтардың ықпалына түсіп қалуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Батыс елдеріндегі мұсылмандар
Лейбористік Партияның Лордтар Палатасындағы өкілі, британдық мұсылман Лорд Ахмет осы бір алаңдаушылыққа ортақтасып, британдық құндылықтардың жиынтығы жайында айтқан Тревор Филипстің пікірін қолдап отыр.

Осы елдегі имамдардың кейбірі, - дейді Лорд Ахмет, - Британияға келсе де, ағылшынша сөйлемейді, біздің мәдениетімізді түсінбейді, соған қарамастан жұма намаз кезінде халық алдында уағыз айтады.

Лорд Ахметтің пікірінше, керек болса, британ мұсылмандарының көсемдеріне британшылдық жөнінде сабақ беру керек.

 Бізге ағылшынша еркін сөйлейтін, мәдениетімізді түсінетін, жамиғатпен жамиғатттың тілінде сөйлесе алатын өжет имамдар керек.
Лорд Ахмет

Алайда, бұл пікірмен Британия парламенті жоғары палатасының ең беделді мүшелерінің бірі - Лорд Канцлер Фалконер келіспейді.

- Бұндай саясаттың тартымдылығы шамалы, халықты ағылшын тілін үйрен деп күштеуге болмайды. Бірақ осы елге келіп ағылшын тілін үйренген болсаңыз, осы елден алатын пайдаңыз да зор болмақ. Британияға келген халық өз мәдени ерекшелігін сақтап отыру еркіндігіне ие болу керек, тек сонысы Британия заңдарына қайшы келмесе болғаны. Халықтардың араласқандығының игілігін Біріккен Корольдік те, осында көшіп келген халық та көретін болады, - дейді Лорд Канцлер Фалконер.

Сонымен, ресми ұстаным мынадай екен - Британия аталған мәселедегі позициясынан айнымау керек, интеграцияны, натурализацияны күштеп енгізбеу керек, және тек заң бұзылып жатса ғана араласуы тиіс. Сондағы теория - уақыт өтісімен елдегі қауымдастықтар өзара араласып кететін болады. Британияның кейбір аймақтарында ондайды көріп та жатырмыз.

Бірақ бір қызығы - көп мәдениеттілік деген концепция мәселесін көтеріп, онысы интеграцияға емес, керісінше бөлінушілікке әкеп соғуы мүмкін деп дабыл қаққаны - қоғамдық ақша есебінен қаржыландырылатын ұйым - Нәсілдер Теңдігі Комиссиясы болып отыр.

Әуежайдағы ұшақтарБритандықтардың аңсайтындары не?
Шетелге көшем деушілер саны артып келеді
СЫРТҚЫ СІЛТЕМЕЛЕР
BBC бөгде сайттардағы ақпаратқа жауапты емес
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Досыңа жіберБасып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
BBC Copyright Logo^^ Басына оралу