BBCKazakh.com
Жаңартылған кезі: 06 Қазан, 2004 - 13:55 GMT
Досыңа жіберБасып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
Орта Азия дауыстарының Лондондағы үні
Ұлжан Байбұсынова, қазақстандық жыршы
Лондонға келген қырық әнші мен биші Италияда, Германияда, Бельгияда, Швецияда концерт береді
Соңғы кездері Британ қоғамында Орта Азия елдері жайлы көп әңгіме қозғалатын болған. Халықтың басым бөлігі аса біле бермейтін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан деген атаулар соңғы уақытта британ жұртының құлағына ілігіп, бұл аймаққа бағытталған қызығушылық біраз өсе түскен.

Атақты Британ музейінде өткен Орта Азия апталығы, суретші Карла Мосстың "Орта Азияға сапар" атты көрмесі, тіпті британ комедианты Саша Барон Коэннің қазақстандық Борат есімді журналист жайлы түсірген комедиясы бұған өз септігін тигізген болатын.

Мінеки, Лондонның Ұлттық Опера сарайында жақында өткен "Орта Азия Дауыстары" атты музыкалық концерт қарапайым британдық үшін әлі болса да қиял мен аңызға толы Орта Азия аймағының жаңа бір қырын ашып берген сыңайлы.

ІШКІ СІЛТЕМЕЛЕР
СЫРТҚЫ СІЛТЕМЕЛЕР
BBC бөгде сайттардағы ақпаратқа жауапты емес
Өзге хабарлар
Досыңа жіберБасып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
BBC Copyright Logo^^ Басына оралу