BBCKazakh.com
Жаңартылған кезі: 29 Шілде, 2004 - 11:47 GMT
Досыңа жіберБасып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
Ер жігіттің қос қанаты
Ат үстіндегі ұлттық ойындар
Алматының ипподромы қайта жаңғырып келеді
'Ер жігіттің қос қанаты - сәйгүлік' деп бекер айтылмаған болса керек. Қазақтың жеті қазынасына кіретін тұлпарлардың жарысын тамашалап демалғанға не жетсін!

Қазақстанның оңтүстік астанасы болып табылатын Алматыда нағыз жылқы сүйер қауымның жүрегінде ерекше бір орын иеленген ипподром күннен күнге жергілікті халықтың ойын сауық өткізіп, көңіл көтеріп, жақсы бір демалысқа бөленіп қайтатын орнына айналды.

Жазғы күні атқұмарлары, орталық ипподромда кезігіп, нағыз сәйгүліктер жарысын тамашалап, қазақтың ұлттық ойындарын көріп, ондағы тотализаторға бағын сынап қайтатын көрінеді.

Онда сәйгүліктердің жарысынан басқа қазақтың, қырғыздың, орыстың тіпті француз және басқа да ұлттың ат үстіндегі ойындарын, билерін тамашалауға болады.

Кеңес Одағы ыдырағанда қараусыз қалған алматылық ипподром осымен 3 жыл ішінде қайта қолға алынып, күннен күнге дамып келеді. Бұл жөнінде тілшіміз Өміргүл Дәлел қызы әңгімелейді.

Өзге хабарлар
Досыңа жіберБасып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
BBC Copyright Logo^^ Басына оралу