|
Гитлердің бункердегі соңғы күндері | ||||||||||||||||||||||
Әлем тарихындағы қайғы-қасіреті мол, ең ауыр кезеңдерінің бірі - Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары. Сол соғысты бастаған Адольф Гитлер режимінің құлағанына осы күндері 60 жыл толып отыр. Жуырда Британияда Гитлердің бункерге тығылып өткізген соңғы күндері жайлы жаңа көркем фильм жарық көрді. Сол бункерде Гитлер әйелі Ева Браунмен бірге өздеріне-өздері қол салып өлген. Бұл советтік әскердің Берлинге жетіп, қаланы басып алған күндері еді. Гитлермен бункерде бірге болғандардың екеуінің ғана қазір көзі тірі. Солардың бірі - жасы 90-нан асқан барон Берндт Фрайтанг фон Лоригхофен. Ол бункерге Гитлердің өліміне дейін бір апта бұрын жіберілген. Соған дейін Гитлерді бір рет кездестірген еді. Бұл Гитлердің өміріне қастандық әрекеті жасалғаннан кейін еді. Майор Лорнгхофен сол кездесуді былай де еске алады. "Гитлерді мықты, харизмасы күшті адам деп есептегенмін. Бірақ кездескенімде, ол маған науқастанған әлсіз шал боп көрінді. Қолынын жарақат алған кезі еді. Бірақ бүкіл денесі ауырып жүргенге ұқсаған. Басы түсіңкіреп, тұла бойы қисайып кетті. Маған сол қолын созып, өте әлсіз қысты. Сол аяғы тіпті жүрмейтін. Гитлерге соны сүйремелеуге тура келген". Бункердегі көңіл-күй 1945-жылдың қаңтарында Гитлер бункерден радио арқылы сөз сөйлеп, отандастарын мойымауға шақырады. Советтік әскер болса Берлинді күні-түні үздіксіз бомбылаған. Немістерді жауға берілмей, мойымауға шақырғанымен, бункердегі Гитлердің көңіл-күйі өте құбылмалы еді. "Толқында жүзіп жатқан сияқты едік. Толқын күші бірде бәсеңдегендей боп, тынышталатынбыз. Кейін кенет жарыла жаздағандай боп, Гитлер отырған бөлмеден айқай-шу басталатын. Ақыры үміт оты өше бастады. Әйелі екеуі өзімізді-өзіміз қалай өлтірсек екен деп көп ойлайтын болған. Орыстар келгенде, тапанша алып басыма әлде аузыма оқ атайын ба, әлде цианид ішіп, өлейін ба - осылай әңгімелескендерін талай рет естігенмін..." - дейді майор Лорингхофен. "Жалпы атмосфера өте нашар еді. Көбіміз іше бастағанбыз. Бункерде алкоголь қоры көп еді..."
Оның айтуынша, бункердегі офицерлердің ішінен Гитлерге берік адамдардың бірі Геббельс еді. Ең білімдісі де сол болған. Бункердегілердің ішінен Гитлермен бірге өзіне-өзі қол саламын деп өзі шешкен жалғыз адам да сол еді. Жан түршілгерлігі - әйелі Марта екеуі өздеріне-өздері қол салудан бұрын туған 6 балаларының барлығына у беріп, өлтірген. Балалардың кішкентайы 5-ақ жаста еді. Сол операцияға дейін бүкіл семьяның бункерге қалай келгенін Лорингхофен өз көзімен көрген екен. "Мер фюррердің бункерінде едім. Қарасам, әдемі бір әйел адам түсіп жатыр. Геббельс ханым деп ішімнен ойладым. Мен оны әсем журналдардың бетінен көргенмін. Артынан 6 баласы кіріп келді. Үстерінде қара пальто киілгеннен ба, беттері өте әппақ еді". Гиммлердің Батысқа бітім жасау ұсынысын ұстап әкеткен офицер жібергеннен кейін бункердегі күніміздің соңы жақындап келе жатқаны түсінікті болды. Гитлер Гиммлерді опасыз деп атап, қатты ашуланғанымен, бункердегі жас офицерлерді жіберуге рұқсат береді. "Сәуірдің 29-ы еді. Гитлермен 20 минут бойы жалғыз отырдым. Ол ресми рұқсатын маған соған дейін-ақ беріп қойған. Бірақ бетпе-бет кездескенімізде оның маған деген қызығушылығы ояна бастағандай. "Қызғана ма деп ойлап қалдым сонда. Өзім сияқты 29-30 жасар үш-ақ офицер қалған. Жас едік, құтылуға мүмкіндігіміз болған. Гитлердің болса өлімнен басқа амалы қалмаған. Не керек, ақыры бәрімізге сәттілік тілеп, қолымызды қысты", - деп еске алады ол. "Солдат борышы" Гитлердің өлімін алғашқы болып неміс радиосы хабарлады. Көп кешікпей жаңалық бүкіл Европаға тарады. Берлин құлады. Майор Фрайтанг фон Лорингхофен тірі қалып, тұтқынға түсті, тергелді, қамалды. Кейін 1956-жылы қайтадан әскер қатарына қосылды. НАТО-да қызмет етті. Айтуына қарағанда, нацистік элита мен әскердің арасын бөлу керек. "Кәсіби солдат ғұмырының соңғы күніне дейін солдат болып қала береді, - дейді ол, - соғыс кезінде майдан шебінде жүрген әскер нацистік режимнің шынайы не екенін білмейтін де", - дейді ол. Гитлерді көз алдыңызға қалай деп елестетесіз деген сұраққа бұрынғы майор "Гитлер сырты адам, іші шайтан болған. Диуана деп те атар едім", - дейді Адольф Гитлердің бункердегі соңғы күндеріне куә болған барон Лорингхофен. | |||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||