|
Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығына қол жеткізер ма екен? | ||||||||||||||||||||||
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Нұртай Абықаев Қазақстанның 2009 жылы Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымындағы (ЕҚЫҰ) төрағалыққа үміт артуына әбден болады дейді. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Европада Қазақстанды үміткер ретінде қолдап жүрген бірқатар ықпалды тараптар бар. Алайда, дейді Абықаев мырза, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету - ол түпкі мақсат емес. Басты мақсат - ол Қазақстан ішінде Европаның үлгісімен демократиялық реформа жасау болып табылады. Қазақстан Сенатының төрағасы Нұртай Абықаевпен жасалған сұхбатты төмен басып тыңдауға болады. Сұхбат Брюссельде наурыз айының 16-сы күні Европа мен Қазақстан ынтымақтастығы мәселелеріне арналған семинар кезінде жазып алынған. Сұхбатты жазып алған - Дина Жансағым. |
| ||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||