 | | | Карла Қазақстанды сүйсіне еске алады |
Биыл Лондонда жас ағылшын суретшісі Карла Мосстың көрмесі өтті. Былтыр күзде Қазақстанға барып, екі жарым ай болып қайтқан Карланың басты тақырыбы - табиғат, адам баласы мен қоршаған орта арасындағы байланыс, өзара қатынасқа түсуі... Алған әсері, табиғаттың зарға толы тынысы, өзі көрген адамдар мен елді мекендер, бәрі - бәрі қылқаламынан шыққан суреттерінен көрініс тапқан. Карла Мосспен жақынырак танысайық деп суретшіні БиБиСидің Лондондағы студиясына қонақ болып қайтуға шақырдық. Карла шақыруымызды қабыл алып, Қазақстанға сапары жайында әңгімелеп берді. Сұхбатты «Қазақстанға аттану идеясы қайдан келді ?» деген сұрақтан бастадық. |