Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділов Би-Би-Си Қазақ Қызметіне берген сұхбатында 2006 жылға белгіленіп отырған Қазақстан Президенті сайлауына қатысу ниеті бар екенін растады. Осыдан 4 ай бұрын Президент Назарбаев пен оның саясатын әшкерелеп, оның билік басынан кетуін талап еткен Нұрқаділов енді Президент әкімшілігі мен Орталық сайлау комиссиясының басшыларын қызметтерінен босату керек деп мәлімдейді.  |  Менің қолымнан Президент болу келмейді деп кім айтты?  Заманбек Нұрқаділов |
Осы мәлімдемесіне дейін саяси мінбеден біраздан бері көрінбей, жаз бойы шығармашылық, аудармашылық жұмыспен айланысып, үйінде отырған Заманбек Нұрқаділовқа тілшіміз Данабек Жүсіп жолығып, сұхбат алды. Сол сұхбаттың аудионұсқасын төменде келтіріп отырмыз. |