|
Сұхбат: Алтынбек Сәрсенбайұлы | ||||||||||||||||||||||
Қазақстан оппозициясының белгілі өкілі, 'Ақ жол' партиясының тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы ақпарат министрі қызметіне келе салысымен, осы министрліктің бірқатар басылымдарға қатысты сотқа жіберген шағымдарын қайта шақырып алды. Бұған дейін таратқан мәлімдемесінде Сәрсенбайұлы мырза билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың іргесін қалайтын кез келді деп айтады. Бұған қоса министр биыл қабылданған 'БАҚ туралы' заңның орнына жаңа заң қабылдау керек деп санайды. 'Ақ жол' партиясы төрағалығында қалатынын және өз саяси көзқарастарын өзгертпейтінін айтқан Алтынбек Сәрсенбайұлының осы қызметке дәл парламенттік сайлау қарсаңында келгені неліктен? 'Ақ жол' партиясының сайлаудағы мүмкіншіліктері арта түсті деп айтуға бола ма? 'Ақ жолдың' келесі бір жетекшісі Ораз Жандосовтың күні кеше ғана Монополияларды реттеу агенттігінің басшысы қызметінен алынып, енді Сәрсенбайұлының министрлік портфельге ие болғанына қарағанда, 'Ақ жол' қақ жарылып жүрмес па екен? Осы және өзге де сұрақтарға Астанадағы тілшіміз Кенжалы Тінібаймен сұхбаттасқан Алтынбек Сәрсенбайұлы өзі жауап береді. Кенжалының қойған алғашқы сұрағы: 'Президенттің Сізді Ақпарат министрі лауазымына тағайындау туралы ұсынысын қабыл алғандағы ниетіңіз не еді?' |
| ||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||